Біз Сізбен Төлеби аудандық мәслихатының ресми сайтында қауышқанымызға қуаныштымыз! Сайт Сізге мәслихат қызметі туралы жан-жақты еркін ақпарат алуды қамтамасыз етеді.

Бұл жерден Сіз жергілікті өкілді органдардың өкілеттігі және құзіреттері жайлы біле аласыз, аудандық мәслихаттың сапалы құрамымен, оның депутаттарының өмірбаяндық анықтамалығымен, тұрақты комиссияларының дербес құрамдарымен, аудандық мәслихаттың жоспарларымен және жұмыс Регламентімен, қолданыстағы құқықтық актілермен және аудандық мәслихатпен қабылданған басқа да шешімдермен, сондай-ақ аудандық мәслихат сессиясында қарауға шығару алдында талқыланатын шешімдердің жобаларымен таныса аласыз. Сайт беттерінен Сіз аудандық мәслихатқа келушілерді қабылдау жайлы барлығын, аудандық мәслихаттың лауазымды тұлғаларының және оның аппаратының қызметкерлерінің қызметтік телефон нөмірлерін біле аласыз. Егер Сіздің аудандық мәслихаттың және оның депутаттарының жұмыстары бойынша сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, Сіз оны сайттың қонаққа арналған кітабында айтып, қалдыра аласыз.

Құрметпен, Төлеби аудандық мәслихатының хатшысы  Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы​

Онлайн қабылдау

Сіздер онлайн қабылдау арқылы мәслихаттың сайтында үндеу қалдыра аласыздар

Сенім телефоны

«Төлеби аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі аппараттың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнаманың, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Президент Жарлығымен бекітілген "Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі" нормаларын бұзу мәселелері бойынша үндеулеріңізді мына сенім телефонымен: 6-18-96 байланысуға болатынын хабарлайды.






Мекен-жайы және байланыс ақпараты


Оңтүстік Қазақстан облысы,
Леңгер қаласы,
Әйтеке би көшесі, № 28 үй.
8 (72547) 6-18-96,
индекс 161100