25.12.2017

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті жиырма бірінші сессиясы өтті.

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті жиырма бірінші сессиясы аудандық мәслихатқа сайланған 17 депутаттың 17-і қатысты. Сессия мәжілісіне аудан әкімі Б.Парманов, аудан әкімінің орынбасарлары,  аудандық дербес бөлім басшылары, мәслихат аппараты қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.      

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті жиырма бірінші сессиясын №5 сайлау округінен сайланған депутат, сессия төрайымы М.Ермаханбетова  ашып, жүргізіп отырды.   

Кезекті  сессияның қарауына мына төмендегі  мәселелер  ұсынылды: 

         1.  2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

         2. Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның  есебі  туралы.

         3. Ауданда қылмысқа қарсы күрес және қылмыстың алдын алу жұмыстарының барысы жайлы  Жергілікті полиция қызметінің есебі туралы.

         4. Төлеби ауданы әкімдігінің дербес құрамына енгізілетін өзгеріске келісім беру туралы.

         5. Төлеби ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жұмыс жоспары туралы.

         6.  Аудан аумағындағы елді мекендердің шекарасын өзгерту туралы.

         7. Сот шешімімен Төлеби ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып табылатын иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы.

         8. Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы.

          9. Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі №42/210-V «Төлеби ауданы  әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын  бекіту  туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

          10. Төлеби аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі №35/166-V «Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның  құрамын бекіту  туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

        11. Төлеби аудандық мәслихат аппаратының шығыс сметасын бекіту туралы.

       12. 2018 жылға арналған аудандық мәслихаттың жұмыс жоспары туралы.

       13. Аудандық мәслихаттың атқарып жатқан жұмыстары туралы аудандық мәслихат хатшысының есебі.    

       14. Аудандық мәслихаттың алдағы болатын сессиясының төрағасын сайлау туралы.