28.12.2017

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс жиырма екінші сессиясы өтті.

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс жиырма екінші  сессиясы аудандық мәслихатқа сайланған 17 депутаттың 17-і қатысты. Сессия мәжілісіне аудан әкімі Б.Парманов, аудан әкімінің орынбасарлары,  аудандық дербес бөлім басшылары, мәслихат аппараты қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.      

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс жиырма екінші сессиясын №6 сайлау округінен сайланған депутат, сессия төрағасы Е.Бектұрғанов ашып, жүргізіп отырды.   

Кезектен тыс сессияның қарауына мына төмендегі  мәселе  ұсынылды: 

  Аудандық маңызы бар Леңгер қаласы мен ауылдық округтердің бюджетін бекіту туралы.