19.01.2018

Аудан депутаттары есеп берді.

Ағымдағы жылдың 16-19 қаңтар күндері Төлеби ауданына  қарасты ауылдық округтерінде аудан депутаттары 2017 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті елді мекен тұрғындары алдындағы есеп беру бойынша жалпы 34 кездесу өткізді. Кездесулерге ауыл тұрғындары қатысып, 134 азамат 140 ұсыныс жасады. Ұсыныстар негізінен әлеуметтік-коммуналдық мәселелер бойынша көтерілді. Оның ішінде ауыз су, жер,  жол жөндеу, әлеуметтік маңызы бар мекемелердің құрылысы,  коммуналдық,  аббаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық, өзге де мәселелер бойынша түсті.