26.01.2018

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс жиырма үшінші сессиясы өтті.

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс жиырма екінші  сессиясы аудандық мәслихатқа сайланған 17 депутаттың 14-і қатысты. Сессия мәжілісіне аудан әкімінің орынбасары Ғ.Төлепов,  аудандық дербес бөлім басшылары, мәслихат аппараты қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.      

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс жиырма үшінші сессиясын №6 сайлау округінен сайланған депутат, сессия төрағасы Е.Бектұрғанов ашып, жүргізіп отырды.   

Кезектен тыс сессияның қарауына мына төмендегі  мәселе  ұсынылды: 

   1.  Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №21/109-VІ «2018-2020  жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.