28.04.2018

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымындағы кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы өтті.

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс жиырма бесінші сессиясына аудандық мәслихатқа сайланған 17 депутаттың 15-і қатысып, депутаттар Ә.Әмірәлиев, Д.Айтбаев белгілі себептермен  қатынаса алмады. Сессия мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, аудандық дербес бөлім басшылары, мәслихат аппараты қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс  жиырма бесінші сессиясын №7 сайлау округінен сайланған депутат, сессия төрағасы М.Жұмабаев ашып, жүргізіп отырды.

Кезектен тыс сессияның қарауына мына төмендегі  мәселелер  ұсынылды: 

      1. Төлеби аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы.  

      2. Төлеби аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы.  

      3. Б» корпусы Төлеби аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.