30.05.2018

Төлеби аудандық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиялық фракциясымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен мәжілісі өтті.

 Біріккен мәжіліске аудандық мәслихатқа сайланған 17 депутаттың 14-і қатысып, 3 депутат (Ә.Әмірәлиев, Н.Құлышев, Р.Сайлауұлы,) белгілі себептермен  қатынаса алмады. Аудан әкімінің орынбасарлары Ғ.Төлепов, С.Дүйсебаев, Қасқасу және Кемеқалған ауыл өкілдерінің әкімдері мен қызметкерлері және мектепке дейінгі мекемелердің меңгерушілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен басшылары және т.б қатысты.

Тұрақты комиссияның күн тәртібінде:       

1)  Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019  жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2016 жылғы 1 наурыздағы Елбасының №205 Жарлығы аясында жаңартылған мазмұн бойынша балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, оның ішінде 1-3 жас аралығындағы балалардың үлесін артыру туралы атқарылып жатқан жұмыстар жайлы білім бөлімінің есебі;

2) Құрылыс бөлімінің атқарып жатқан жұмыстары мен переспективалық  іс-шаралары  туралы есебі;

3) Қасқасу және Кемеқалған ауылдық округтері әкімдерінің өз аумақтарының санитарлық тазалығын қамту барысында атқарып жатқан жұмыстарының есебі.

       Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша білім бөлімінің атқарып жатқан жұмыстары жайлы бөлім басшысы Р.Аманова білім бөлімінің сәби жастағы балаларды тәрбиелеуде кеңінен сапалы тәрбие мен оқытуға  қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталғанын сөз етті. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жалпы білім беретін үлгілік бағдарламасы және мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасы әзірленіп, онда біріншіден, 1-3 жастағы балаларды қамтудың сандық көрсеткіші аз екенін, мектепке дейінгі ұйымдар көрсететін қызметтердің сапасы әлі күнге дейін төмен деңгейде болса, екіншіден,мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың жетістігіне мониторинг жүргізудің біріңғай тәсілі әзірленбегенін айтты.          

 

 

      

       Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша құрылыс бөлімінің атқарып жатқан жұмыстары жайлы бөлім басшысы Е.Бекболатовтың баяндамасы тыңдалды. Ол тұрғын үй саласы бойынша: Ленгер қаласы, I-мөлтек ауданында 40 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй мен 20 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы ағымдағы жылдың шілде, тамыз айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отырғанын айтты.

        Депутат Д.Айтбаев құрылыс жұмысындағы бірқатар нысандардағы төлқұжаттардың дұрыс қойылмағанын, кафель жапсырмалары қисық қойылғанын, құрылыс жүргізу барысында қауіпсіздік ережесінің сақталынбай жатқанын, құрылыс нысандарының қоршалынбағанын және жұмысшылардың арнайы жұмыс киімдерінің жоқтығын, Әл-Фараби атындағы мектепте құрылыстың өте баяу жүріп жатқандығын, жұмысшылар санын көбейту қажеттігін, Жаңаұйым елді мекеніндегі мектеп құрылысында қабырғаға қаланған кірпіштердің бір-біріне байланыстырылмай қисық қойылғандығын сөз етті.

        Күн тәртібіндегі 3-мәселе бойынша Қасқасу және Кемеқалған ауыл округтерінің әкімдері Т.Қамытбеков пен Д.Дарибоев есептерінде тиісті аумақтарда жүргізіп жатқан көркейту мен көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын әңгімеледі. Ауылдық округте жасылдандыру, көркейту бойынша көше бойына  аршалар, жер ыңғайына байланысты түрлі ағаштар отырғызу, көшелердегі үйлердің қасбеттерін бір түсті бояумен бояуды ұйымдастыру, орталық көшелерге орындықтар мен күл-қоқыс тастайтын жәшіктер орнату, Қасқасу, Кеңесарық елді мекендеріне скверлер салу, шатқалдарға кіші сәулеттік кескіндемелер мен гүлзарлар орнатуға жоспарлар жасалынып жатқандығы және абаттандыру бойынша 4 млн 195 мың теңге, санитарияға 2 млн 872 мың теңге қаражат қаралғанын айтты.

       Әнгірата елді мекені Қызылбұлақ көшесінің ауыз су құбырларының тозығы жеткенін және де Ақбастау, Әңгірата, Абай, Ұйымшыл елді мекендеріне келетін ауыз су құбырларының бұлақ көздері қоршалғанын, алайда қатты жауын-шашын салдарынан 2-3 күн бұлақ көзі ластанып, ауыз су пайдалануға жарамсыз күйге түскен деді. Осыған байланысты бұлақ көздеріне су тазалағыш (фильтр) орнату керек.  Ақбастау су тоғаны мен ауыз су құбырын жөндеуге, Қарақия елді мекеніне газ құбырын тартуға, елді мекендердің орталық көшелерін жарықтандыруға, аяқжолға (тротуар), суағарларға, оларды жөндеу жұмыстарына   алдағы уақыттарда бюджеттен қаражат бөлінуін сұранды.

        Осы 3-мәселебойынша тұрақты комиссия мүшесі М. Ермаханбетова ұсыныс тастады.  Кемеқалған ауылдық округіне қарайтын Алтынбастау, Қарақия, Қаратөбе елді мекеніндегі мектепте 2 айдан бері жарықсыз отырғанын және Алтынбастау мектебінде жылыту қазандығының жоқ екенін айтты, осы мәселе жайлы депутаттарға келесі сессияда арнайы қарауға ұсыныс білдірді.

       Тұрақты комиссиялардың біріккен мәжілісі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылдап, көтерілген мәселелерде орын алған кемшіліктерді жоюға іс-шаралар жасап, қолға алуды ұсынды.