02.06.2018

«Спорт-нашақорлыққа қарсы» ұранымен мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық жарыс өтті.

2018 жылдың 2 маусым  күні Ленгер қаласында «Жастық» стадионында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Спорт-нашақорлыққа қарсы» ұранымен мемлекеттік қызметшілер арасында кіші футбол және үстел теннисінен аудандық жарыс өтті. Спорттық алаңдағы бәсекелескен кіші футбол ойынының  нәтижесінде қарсыластарын сан соқтырып, кездесулердің барлығын жеңіспен аяқтаған аудандық мәслихат командасы 1 орынды  жеңіп алды. Ал бір ойында ғана жеңіліс тапқан Ленгер қалалық  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі екінші орыннан көрінсе, үшінші тұғырдан  аудан әкімі  аппаратының қызметкерлері иеленді. Қатысушылар тың дайындықпен келген. Қатысушыларға арнайы бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды. Сондай-ақ, тартысты ойындарда өзінің ойын өрнегімен ерекшеленіп, командаларын жеңіске жетелеген ойыншылар да марапатқа ие болды.