16.06.2018

Мемлекеттік қызметкерлер арасында аудандық спарткиада өтті.

Спорттық шараның қатысушылары кіші футболдан, арқан тартудан, кір тасын көтеруден, кермеге тартылудан, ләңгі ойынынан, асық атудан, үстел теннисінен, қол күресінен, шахматтан және волейболдан өзара мықтыны анықтады.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған спартакиаданың ашылу салатанатына қатысқан аудан әкімі Б.Парманов және мәслихат депутаттары мемлекеттік қызметшілерді төл мерекесімен құттықтады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан әкімінің арнайы дипломдарымен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
     Жарыс қорытындысы бойынша: I орынды аудандық мәслихат командасы, II орынды  қала, ауылдық округ әкімі аппараттарының командасы, III орынды  аудан әкімі аппаратының командасы жеңіп алды.
Айта кетсек, спартакиаданың басты мақсаты салауатты өмір салтын насиxаттау, мемлекеттік қызметшілерді бұқаралық спортқа ат салыстыру және үздік ұжымдарды анықтау.