13.06.2018

Төлеби аудандық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиялық фракциясымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен мәжілісі өтті.

Біріккен мәжіліске аудандық мәслихатқа сайланған 17 депутаттың 14-і қатысып, 3 депутат (Ж.Нышанов, К.Османов, Ә.Әміралиев) белгілі себептермен  қатынаса алмады. Күн тәртібіндегі қаралатын мәселелерге қатысты облыстық тексеру комиссиясының мүшесі М.Балқыбеков, мекемелердің лауазымды адамдары мен басшылары және т.б қатысты.

Мәжілісті аудандық мәслихаттың хатшысы, №11 сайлау округінен сайланған депутат Н.Қойбағаров ашып, жүргізіп отырды.

Тұрақты комиссияның күн тәртібінде мына төмендегі мәселелер қаралды:

1.2017 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы.

2017 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы мәселеге қорытынды беру.

2.Аудандық мәслихаттың   2016   жылғы  23 қыркүйектегі   «Ауданда дене шынықтыру мен спортты дамытудың барысы жайлы» шешімінің орындалу барысы туралы.

3.Аудандық  мәслихаттың  «Мемлекеттік заңдылық,  азаматтардың  еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстарының есебі»  туралы.

4.Төлеби  аудандық  мәслихатының  2017  жылғы  25  желтоқсандағы №21/109-VІ «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 5.Төлеби  ауданының  ауылдық  елді  мекендеріне жұмыс  iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк  қамсыздандыру,   мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2018 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік  қолдауды  ұсыну туралы.

6.Ауданның   кейбір   елді мекендерінің бас жоспарын бектіту туралы.

7.Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі №42/210-V «Төлеби ауданы  әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын  бекіту  туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

8. Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №21/116-V «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

9. Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет Грамотасымен марапаттауға ұсыну туралы.

10. Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы

11. Аудандық мәслихаттың алдағы болатын сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Он бір мәселе де жан-жақты қызу талқыланып, сессияға ұсынылды.