14.06.2018

Үстіміздегі жылы маусым айының 14 күні әкімдіктің кіші мәжіліс залында, VІ - шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы өтті.

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті жиырма алтыншы сессиясына аудандық мәслихатқа сайланған 17 депутаттың 14-і қатысып, 3 депутат (Х.Әшірбеков, К.Османов, Ә.Әміралиев) белгілі себептермен  қатынаса алмады. Сессия мәжілісіне аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, аудан әкімдігі дербес бөлімдерінің басшылары, ауылдық округ ардагерлер кеңесінің төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты.

  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті жиырма алтыншы сессиясын №7 сайлау округінен сайланған депутат, сессия төрағасы М.Жұмабаев ашып, жүргізіп отырды.

Кезекті сессиясының қарауына мына төмендегі мәселелер ұсынылды:

 1.2017 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы.

2017 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы мәселеге қорытынды беру.

2.Аудандық мәслихаттың   2016   жылғы  23 қыркүйектегі   «Ауданда дене шынықтыру мен спортты дамытудың барысы жайлы» шешімінің орындалу барысы туралы.

3.Аудандық  мәслихаттың  «Мемлекеттік заңдылық,  азаматтардың  еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстарының есебі»  туралы.

4.Төлеби  аудандық  мәслихатының  2017  жылғы  25  желтоқсандағы №21/109-VІ «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

5.Төлеби  ауданының  ауылдық  елді  мекендеріне жұмыс  iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк  қамсыздандыру,   мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2018 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік  қолдауды  ұсыну туралы.

6.Ауданның   кейбір   елді мекендерінің бас жоспарын бектіту туралы.

7.Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі №42/210-V «Төлеби ауданы  әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын  бекіту  туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

8. Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №21/116-V «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

9. Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет Грамотасымен марапаттауға ұсыну туралы.

10. Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы

11. Аудандық мәслихаттың алдағы болатын сессиясының төрағасын сайлау туралы.

 

Күн тәртібіндегі 1 - мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Ғ.Төлепов баяндама жасады. Баяндамашыға сұрақтар қойылмады.

Жарыссөзге №3 сайлау округінен сайланған депутат Д.Айтбаев шықты.

Жалпы 2017 жылы бюджеттік бағдарлама әкімшілігі мен жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің көрсеткіштерін орындауында талдау жасалынды. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен мәслихат шешімдерінің басым көрсеткіштері орындалған, алайда кейбір бюджеттік бағдарлама әкімшілігі мен мәслихат шешімдері мен бекіткен көрсеткіштер орындалмаған. Түсімдерді жоспарлау барысында талдау жұмыстарын өз деңгейінде жүргізу салықтық және басқа түсімдерді жоспарлау салық салынатын база мен сәйкестікке келтіру түсім көздерінің болжамды көрсеткіштерін нақты жағдайда ескере отырып қамтамасыз ету керек. Әрине кемшіліктер бар бірақ олардың бәрінің бюджеті орындалып жатыр, осыны ескере отырып бюджетті жоспарлау және орындау барысында бюджет басқаратын кандидаттарға қайшы келетін кемшіліктерді болдырмау және олардың алдын алу бойынша жұмыстарын жүргізіп жалпы сипаттағы конспектегі мақсаттағы және тиімді пайдаланбау Қазақстан Республикасының заңнамасындағы талаптарын қатаң басшылыққа алу қажет екенін айтып өтеміз. Осыны қорытындылай келе 2017 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы мәселеге бюджет комиссиясы қанағаттанарлық деген баға беріп, бекітілсіндеп ұсыныс жасады.

Күн тәртібіндегі 2 - мәселе бойынша тұрақты комиссияның мүшесі Р.Сайлауұлы хабарлама жасады.

Ұсыныс: Мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров– Осы уақытқа дейін барлығы 9 стрит воркаут орнатылған (Киелітас және Бірінші Мамыр ауылдық округтері). Қалған ауылдық округтер неге бұл  шаруаларды қолға алмайды. Біз былтырғы шешімде нақты көрсеткен болатынбыз, барлық елді мекенде стрит воркаут қойылуы керек деп, сондықтан шешімде осы мәселені қайта қарап, ұсыныс енгізу қажет - деді.

Күн тәртібіндегі 3, 4, 5 - мәселелер бойынша хабарламалар тыңдалып, дауысқа салынып тиісті шешімдер қабылданды.                                                                                              

Күн тәртібіндегі 6 - мәселе бойынша сәулет және қала құрылысының басшысы О.Жанқалов ауданда барлығы 55 елді мекен бар. Бүгінге дейін 25 елді мекеннің бас жоспары жасалынып бекітілді. Қазір 14 ауылдың жоспары бекітуге ұсынылып отыр, қалған 16 елді мекеннің бас жоспары келесі жылы бекітуге ұсынылатын болады, оған қаржы бөлініп қойған, жобалау жұмыстары жүріп жатқаны жөнінде айтты.              

         Күн тәртібіндегі 7, 8, 9, 10 - мәселелер бойынша хабарламалар тыңдалып, дауысқа салынып тиісті шешімдер қабылданды.

         Күн тәртібіндегі 11-мәселе бойынша аудандық мәслихаттың алдағы болатын сессиясының төрағасын сайлау туралы.

         Алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың алдағы болатын кезекті сессиясының төрағасы болып, №8 сайлау округінен сайланған депутат  Әшірбеков  Ханай  Асанұлы  сайланды.