04.07.2018

Алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы өтті.

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс жиырма жетінші сессиясына аудандық мәслихатқа сайланған 17 депутаттың 14-і қатысып, 3 депутат (Ж.Нышанов, Қ.Татыбаев, Е.Бектұрғанов) белгілі себептермен  келе алмады. Сессия жұмысына Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев қатысты.

           «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті жиырма жетінші сессиясын №8 сайлау округінен сайланған депутат, сессия төрағасы Х.Әшірбеков ашып, жүргізіп отырды.

 

Кезектен тыс сессиясының қарауына мына төмендегі мәселе ұсынылды:

         1. Аудан әкімі лауазымына ұсынылып отырған кандидатқа келісім беру туралы.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев хабарлама жасады (хабарлама қоса тіркеледі).

Бірінші кезекте облыс әкімі Ж.Түймебаев келе жатқан Астана күнімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Төлеби ауданы әкімі лауазымына Б.Омарбековты ҚР Президенті әкімшілігінің келісуімен ұсынып отырғанын айтты және бұрынғы аудан әкімі Б.Пармановқа осы екі жылда атқарған жұмысына жақсы деген баға беріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

№13 сайлау округінің депутаты Ә.Әмірәлиев – Жансейіт Қансейітұлын Түркістан облысының әкімі болып тағайындалуымен құттықтады. Сондай – ақ ауданымыздың дамуына үлес қосқан Б.Пармановқа алғысын білдірді. Аудандағы ең күрделі мәселелердің бірі ауыз су деді – ол.  Туризм саласын дамыту, халықты тұрғын үймен қамту инфрақұрылым, инжинерлік коммуникация жұмыстарын дамыту жөнінде көптеген жұмыстар қолға алынып, іске аса бастады. Сол шаруалардың жалғасын табуын назарыңызға ұстасаңыз екен деген тілегін жеткізді.