14.09.2018

Төлеби аудандық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиялық фракциясы мен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен мәжілісінің Хаттамасы

        Біріккен мәжілісте аудандық мәслихатқа сайланған 17 депутаттың 14-і қатысып, 3 депутат (Ә.Әмірәлиев, Е.Бектұрғанов, Қ.Татыбаев) белгілі себептермен  қатынаса алмады. Аудан әкімінің орынбасарлары Ғ.Төлепов,   Р.Бейсебаева және де бөлім басшылары  қатысты.

      Мәжілісті аудандық мәслихаттың хатшысы №11 сайлау округінен сайланған депутат Н.Қойбағаров ашып жүргізіп отырды.

Тұрақты комиссияның күн тәртібінде:       

        1. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму ахуалының барысы

туралы аудан әкімінің  есебі.

        2. Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 29 қыркүйектегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысы туралы аудандық білім бөлімінің есебі»  туралы шешімінің орындалу барысы жайлы.

        3. Аудандық мәслихаттың «Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, әкімшілік–аумақтық құрылым, қоғамдық өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстарының есебі» туралы. 

         4. Төлеби  аудандық  мәслихатының  2017  жылғы  25  желтоқсандағы №21/109-VІ «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

        5. Төлеби ауданы әкімдігінің дербес құрамына енгізілетін өзгеріске келісім беру туралы.

         6. Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 19 сәуірдегі №14/80-VІ   «Төлеби ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» шешімінің күшін жою туралы.

       7. Жекелеген көшелердің атауларын өзгертуге ұсыныс беру туралы.

        8. Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №21/116-VІ «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

        9. Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның  құрамын бекіту  туралы.

      10. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің  құрамын бекіту туралы.

      11. Аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы.

      12. Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы.

      13.  Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі №42/210-V «Төлеби ауданы  әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын  бекіту  туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

      14. Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы.

      15. Төлеби аудандық мәслихатының 2018 жылғы 04 шілдедегі «Төлеби ауданының әкімшілік  - аумағын басқару схемасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

      16. Аудандық мәслихаттың алдағы болатын сессиясының төрағасын сайлау туралы. Мәселелер қаралды.