19.09.2018

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті жиырма тоғызыншы сессиясы өтті

       Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті жиырма тоғызыншы сессиясына аудандық мәслихатқа сайланған 17 депутат, аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, аудандық дербес бөлім басшылары, мәслихат аппараты қызметкерлері, құрметті азаматтар, БАҚ өкілдері қатысты.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті  жиырма төртінші сессиясын №8 сайлау округінен сайланған депутат, сессия төрағасы Х.Әшірбеков ашып, жүргізіп отырды.  

       Кезекті сессияның қарауына мына төмендегі  мәселелер  ұсынылды: 

1. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму ахуалының барысы

туралы аудан әкімінің  есебі.

        2. Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 29 қыркүйектегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысы туралы аудандық білім бөлімінің есебі»  туралы шешімінің орындалу барысы жайлы.

        3. Аудандық мәслихаттың «Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, әкімшілік–аумақтық құрылым, қоғамдық өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстарының есебі» туралы. 

         4. Төлеби  аудандық  мәслихатының  2017  жылғы  25  желтоқсандағы №21/109-VІ «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

        5. Төлеби ауданы әкімдігінің дербес құрамына енгізілетін өзгеріске келісім беру туралы.

         6. Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 19 сәуірдегі №14/80-VІ   «Төлеби ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» шешімінің күшін жою туралы.

       7. Жекелеген көшелердің атауларын өзгертуге ұсыныс беру туралы.

        8. Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №21/116-VІ «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

        9. Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның  құрамын бекіту  туралы.

      10. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің  құрамын бекіту туралы.

      11. Аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы.

      12. Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы.

      13.  Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі №42/210-V «Төлеби ауданы  әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын  бекіту  туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

      14. Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы.

      15. Төлеби аудандық мәслихатының 2018 жылғы 04 шілдедегі «Төлеби ауданының әкімшілік  - аумағын басқару схемасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

      16. Аудандық мәслихаттың алдағы болатын сессиясының төрағасын сайлау туралы.

     

         Есепті талқылауға шыққан депутат Ә.Әмірәлиев қала ауызсуының шешілмеген түйіткілдеріне тоқталып, Қайнар және Шатыртөбе ауылдарына қатысты өз қаржысына жасатқан жобаны іске асыру үшін аудандық әкімдіктің көмегі қажеттігін жеткізді. Депутат Е.Майлыбаев Ащы су қоймасының бір бөлігін ұйық басып қалғандықтан  дихандардың ағын судан тапшылық көргенін, еккен көкөністердің өнімділігі кемігенін мәлімдей келе, ауданда суармалы жер көлемі жыл өте арта түскенімен ауылшаруашылығы дақылдарын егу көлемі кеміп жатқанына алаңдаушылық білдірді. Депутат Д.Айтбаев қалада тұрғын үй құрылысына қатысты сауалдар қойып, депутат М.Ермаханбетова мүгедек балаларға арналған аудандық оңалту орталығы мен «Демеу» оңалту орталығындағы жағдайды салыстыра отырып, екі түрлі жағдай орын алғандығын баяндады. Ондағы санитарлық нормаларды қалыпқа келтіруге көмек сұрады. Ленгер қаласынан сайланған депутат Ж.Нышанов Алатау және Шаңырақ мөлтек аудандарында қарапайым инженерлік коммуникациялардың жоқтығы ондағы тұрғындардың өмір сүру деңгейіне кері әсер етіп отырғандығына аудан әкімінің назарына ұсынды.

       Сондай-ақ, аудан әкімдігі жанындағы бірқатар кеңестер мен комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізіліп, ауданға сіңірген еңбегі және қоғам өмірінің тиісті салаларындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін 16 азаматты Төлеби ауданының Құрмет громатасымен марапаттау туралы шешім қабылданды.

       Аудандық мәслихаттың алдағы болатын сессиясының төрағалығына «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Қансейтов сайланды.