02.10.2018

Төлеби аудандық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиялық фракциясы мен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен мәжілісі өтті.

    Біріккен мәжілісте аудандық мәслихатқа сайланған 17 депутаттың 14-і қатысып, 2 депутат (М.Ермаханбетова,  Қ.Татыбаев) белгілі себептермен  қатыса алмады. Аудан әкімінің орынбасарлары Ғ.Төлепов, қала, ауыл округ әкімдері   және де бөлім басшылары  қатысты.

    Мәжілісті аудандық мәслихаттың хатшысы №11 сайлау округінен сайланған депутат Н.Қойбағаров ашып жүргізіп отырды

    Тұрақты комиссияның күн тәртібінде:       

    1. Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №22/124-VI «2018-2020 жылдарға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

     Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашраповтың хабарламасында, Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылдың 28 тамызындағы №29/314-VI шешіміне сәйкес, «101202» Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 15000,0 мың теңгеге ұлғайтылғандығын айтып өтті. Қала, ауыл округ әкімдіктердің салықтық табыстарын талдап көрсетті. Сонымен қатар Көксәйек, Қоғалы, Киелітас ауылдық округ әкімдіктерінде салықтық түсімдері мен шығыстарына ішінара өзгерістер енгізілуде деді.

           Мәжіліс барысында сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.