01.10.2018

Леңгер қаласына - 73 жыл!

    Жылдағы әдетінен жаңылмай биыл да қала күні өз дәрежесінде аталып өтті. Леңгер қаласы тұрғындарының өз мерекесі бар. Ол - қала күні. Алғашында кеншілер қаласы болған мекен бүгінде сән-салтанаты жарасқан Төле би ауданының орталығына айналған. Жиырма екі  мыңға жуық тұрғыны бар шағын кенттің құрылғанына 73 жыл толу іс-шарасы қарттар мерекесі күнімен сәйкес келді. Қала күніне орай «Lenger Taxi»,  жеке меншік такси қызметінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтап, ауданға сіңірген және ұзақ жылғы жемісті еңбектері үшін 16  адамды ауданның Құрмет громатасымен марапаттады.

    Мереке күні орталық алаңда спортшылар да сүбелі үлесін қосып, спорттық жарыстар өткізді. Алаңда тігілген кйіз үйлерде ардагерлер-қариялар мен көпбалалы аналарға арналып, дастархан жайылды. Сонымен бірге, Қазақтың ұлттық қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, іс-шара от шашумен аяқталды.