11.10.2018

"Төлеби ойындары-2018" жарысы өтті.

       2018 жылдың 10 қазанында аудан әкімдігі, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Төлеби ойындары – 2018» жарысы өтті. Спорт ойындарынан: Дзюдо, бокс, еркін күрес, қазақ күрес, фудбол, волейбол, шахмат, үстел тенисі сияқты түрлі қызықты спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Бұл жарыстың басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстауға шақыру, олардың бойындағы отансүйгіштік, төзімділік пен табандылық қасиеттерін арттыру болды.

       Іс-шараның жабылу салтанатында  аудан әкімі Б.Омарбеков, аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров, облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Б.Дүйсебеков, Күрес федерациясының хатшысы Мақсат аға секілді ел ағалары қатысты. Жарыстың жеңімпаздары, ауданы әкімінің алғыс хаттарымен, кубоктармен және қаржылай (1-орын 200 мың теңге, 2-орын 150 мың теңге, 3-орын 100 мың теңге) сыйлықтармен марапатталды.