12.10.2018

Ауданымызда депутаттар аллеясы ашылды.

           Төлеби ауданы ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің "Алтын күз" мерекесінен кейін, аудан әкімі Б.Омарбеков және аудандық мәслихатының хатшысы Н.Қойбағаров, сондай ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев, қала ардагерлерімен және Қала әкімі Б.Әділбековтың қатысуымен Ленгер қаласында жаңадан құрылған нысандардың таныстырылуы өтті.

         Оның ішінде Қапал батыр көшесіндегі «Депутаттар» аллеясының таныстырылымы өтті. Бұл аллеяда Төлеби атамыздың «Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол!» - деген сөздері жазылған тақтайша орнатылған. Депутаттар аллеясының таныстырылуы аудандық мәслихатының хатшысы Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлына берілді. Бүгінгі таңда  мәслихат депутаттарының  алдында тұрған негізгі мақсат - Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында және «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасында қарастырылған барлық бағыттарды іске асыру болып табылатындығын айтып өтті. Таныстырылымнан соң Аудан әкімі және Мәслихат хатшысы, біршама депутаттар және ардагерлер өз қолдарымен шырша ағашын отырғызып суарды. «Депутаттар аллеясын» жасау идеясының жүзеге асып жатқаны көңіл қуантады. Себебі аллеяда отырғызылған жасыл желектер арқылы өзіміз жайлы естеліктер қалдырамыз. Біз мәңгілік емеспіз, ал бұл теректер жайқалып өсе береді. Тек бұл мақсатта емес, сондай-ақ игі шара қаланы көгалдандыруға да бағытталды. Одан кейін Төлеби-Оқжетпес көшелерінің қиылысында орналасқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы паноның таныстырылуы, орталық көшеде орналасқан Лэд экран сквері, Қапал батыр көшесінде екі жолдың қиылысында орналасқан сквердегі сағат стелласының таныстырылымы, соңы «Шаңырақ» аллеясының таныстырылуымен аяқталды.