23.10.2018

Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу сауапты іс.

      Дана халқымыз «Жылуы жоқ жүрек – құр кеуде», «Мейірім барда – мұңдық жоқ», «Жайылымы болмаса, мал азады, мейірімі болмаса, жан азады», – деп ұрпағын қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеген. Айналадағы адамдарға деген мейірім мен қамқорлық адамгершілік пен имандылықтың өлшемі саналады. Жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайды.

      Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу сауапты іс. Осыған орай Төлеби ауданында жағдайы төмен отбасыларды қолдауға арналған жаңаша бастама көтерілді. Бастамаға аудандық әкімдік пен мәслихат аппараты сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының Төлеби аудандық филиалы ұйытқы болды. Бүгін мәслихат аппаратының қызметкерлері Әсемгүл есімді, 5 баланы тәрбиелеп отырған, жалғыз басты анаға көмек қолын созып, үйге қажетті ұн, май, макарон, картоп секілді азық – түлікпен қамтамасыз етті.