12.11.2018

Үстіміздегі жылы қазан айының 03 күні әкімдіктің кіші мәжіліс залында, VI – шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз бірінші сессиясы өтті.

        Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс отыз бірінші сессиясына аудандық мәслихатқа сайланған 17 депутаттың 13 қатысып, 4 депутат (Қ.Қансейтов, Е.Бектұрғанов, Е.Майлыбаев, Ә.Әміралиев) белгілі себептермен қатыса алмады. Аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, аудандық дербес бөлім басшылары, қоғамдық бірлестіктердің төрағалары, мәслихат аппараты қызметкерлері,  БАҚ өкілдері қатысты.

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы 3 тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс отыз бірінші сессиясын, сессия төрағасының еңбек демалысында болып, сессия жұмысына қатыса алмағандықтан оның міндетін мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров атқарды.  

     Кезектен тыс сессиясының қарауына мына төмендегі мәселелер ұсынылды:

  1. Көшеге қайта атау беру туралы

  2. Азаматтарға «Төлеби ауданының Құрметті азамат» атағын беру туралы

        Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Әсілбек хабарлама жасады. (хабарлама қоса тіркеледі)

        Хабарламашыға сұрақтар қойылмады.

Шешім жобасы дауысқа салынып бекітілді.

 

№31/179-VI

                Көшеге  қайта атау беру туралы

          «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облысы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі қортындысы негізінде, аудан әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. Леңгер қаласындағы «Бірлік 1» және «Бірлік 2» көшеге - Әбдікәрім Бектайұлы атауы берілсін.

          2. «Төлеби аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiпте:

1) осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімін аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Төлеби ауданының аумағында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

         4) ресми жарияланғаннан кейін осы  бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімін Төлеби аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен Төлеби ауданы әкімдігінің қаулысы мен Төлеби аудандық мәслихатының шешімінің орындалуын қадағалауды өзiме қалдырамын.

4. Осы бірлескен Төлеби ауданы әкімдігінің қаулысы мен Төлеби аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

        Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша тұрақты комиссияның төрағасы С.Құлманов хабарлама жасап, (хабарлама қоса тіркеледі) биыл Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығы мен «Астана қаласының 20 жылдығына» орай аудан әкімі 27 азаматқа Құрметті азамат атағын беруге ұсыныс жасағанын айтты. Азаматтардың аты-жөні мен қоғам алдындағы атқарған еңбектеріне жеке-жеке тоқталды.

 

      Сессия төрағасының міндетін атқарушы Н.Қойбағаров – осы мәселе бойынша үш адамның қазіргі кездегі атқарып жүрген жұмыстарының өзгергенін айтты. С.Жақсылықов - ОҚО сотының  судьясы емес, қазіргі уақытта Түркістан обылстық сотының отставкадағы судьясы. А.Қапесов - Шымкент қаласы, Абай ауданының прокурорының орынбасары емес, қазіргі таңда ол кісі зейнеткер, А.Тұрашбеков – «Оңтүстік» жергілікті кәсіподақ басшысының орынбасары делінген, ал ол кісі зейнеткер – деді.

      Шешім жобасы дауысқа салынып бекітілді.

 

31/180-VI

 

Азаматтарға «Төлеби ауданының

құрметті азаматы» атағын беру

туралы

 

 

Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

       Ауданға сіңірген еңбегі және қоғам өмірінің тиісті салаларындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін:

 

1.

Айтбаев Данияр Сапаралыұлына

-Леңгер қалалық емханасы бас дәрігерінің медициналық қызметтің сапасын қадағалау бойынша орынбасары, аудандық мәслихат депутаты.

2.

Абдукаримов Әнуар Сахұлына

-жеке кәсіпкер.

3.

Ахтаев Сейтханға

-зейнеткер.

4.

Аюбаев Полатбайға

-зейнеткер, Бірінші Мамыр а/о бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы.

5.

Бекмұрзаев Сейт Дауытбекұлына

-Леңгер қаласы, №4 жалпы орта мектеп директорының орынбасары.

6.

Жалғасбаева Рабиға Жалғасбайқызына

-МҚКМ «Леңгер қалалық ауруханасы» жұқпалы аурулар бөлімінің бөлім меңгерушісі.

 

7.

Жақсылықов Сәбит Бақтыбайұлына

-Түркістан облыстық  сотының отставкадағы судьясы.

8.

Жаңқал Аманкүл Меирханқызына

-Леңгер мед. колледжі «Мейір-Бейс» ЖШС директоры.

 

 

 

9.

Жексенбаев Серікқали Мәтқалиұлына

-«Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінде ақпарат-талдау бөлімінің меңгерушісі.

10.

Иманқұлов Адай Вахитовичке

-«Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінде» қауіпсіздік департаменті директоры.

11.

Кадиров Османалиға

-Тағайна жалпы орта мектептің директоры, Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы.

12.

Кәрім Берік

Сейтжанұлына

-Шымкент әскери гарнизоны сотының төрағасы.

13.

Қадырбеков Керімхан Жанысұлына

-Түркістан облыстық мәслихат аппаратының басшысы.

14.

Қайыпбеков Әсет Әбдрашұлына

-«Корпорация Сити Строй» ЖШС-нің бас директоры.

15.

Қапесов Ақан Нұрмұханұлына

-зейнеткер.

16.

Манкеев Талғат Өткелбайұлына

-жеке кәсіпкер, аудандық мәслихат депутаты.

17.

Мехлик Лидия Климентьевнаға

-зейнеткер, Неміс этномәдени бірлестігінің төрайымы.

18.

Омарханов Сатыбалдыға

-зейнеткер.

19.

Оханов Қожанға

-зейнеткер.

20.

Парманов Бұхарбай Рысқұлұлына

-Шымкент қаласы, Абай ауданының әкімі

21.

Сұраншиев Кенжалыға

-«Төлеби аудандық баспаханасының» директоры.

22.

Татыбаев Қайдар Бердібайұлына

-«Шымкент Газ Станция» ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты.

23.

Төлтебаев Аймаханға

-зейнеткер.

24.

Төлтебаев Шерім Қарарұлына

-«Атамекен корпорациясы» ЖШС-нің бас директоры.

 

25.

Төребеков Полат Әшірбекұлына

-Киелітас ауылдық округінің әкімі.

26.

Тұрашев Ақбердіге

-зейнеткер.

 

27.

Тұрашбеков

Абдижапбарға

 

-зейнеткер.

 

«Төлеби ауданының құрметті азаматы» атағы берілсін.