29.11.2018

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Құрметті жерлестер!

 

Сіздерді елдікке де, ерлікке де бастап, Тәуелсіздік туын көкке көтерген Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл жетінші жыл мейрам ретінде аталып отырған Президент күні – халқымызды біріктіретін мемлекеттік деңгейдегі мерекеге айналды.
        Тәуелсіз қазақ елінің тағдыры – Елбасы тағдыры. Елбасы тағдыры – қазақ елінің тағдыры. Абылайхан дүниеден өтер сәтінде «Елімді бейбіт өмірге жеткізе алмадым, халқым жер игілігін көре алмады, қала, кент сала алмады, елдің басын біріктіре алмадым» деп орындалмаған арманын айтып кеткен. Ұлы Абылайдың осы армандарын тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың толығымен жүзеге асырғаны баршамызға аян.

Бүгінде Қазақстан,  қарышты дамуымен дүниежүзін таңғалдырған, өзіндік айқын бағыты бар егемен ел ретінде қалыптасқан мемлекет. Елбасының жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында еліміз әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуда зор жетістіктерге жетті. 

Аз ғана мерзімде қос құрлықтың арасындағы ұлан-байтақ кеңістікте бабадан қалған қонысты түгел иемденіп, атадан қалған аруақты туды асқақ ұстап, өз алдына ел болып, еңсе көтеріп кету үшін тынымсыз еңбек, қайтпас күрес, қажымас күш-жігер керек екеніне куә болдық. 

Осы орайда Төлеби  ауданы да экономикасы өркендеген, тұрмысы жайқалған аумаққа айналды. Қамқорлыққа бөленген ауданымыздың тұрғындары Сіздер де  тәуелсіз еліміздің болашағы жолында аянбай еңбек етіп, бірлігіміздің бекемдігін нығайтуда Тұңғыш Президенттің жанына топтасуды өмірлік мұрат тұтудасыздар.

Өйткені бізді бір Отан, бір тағдыр, бірінші Елбасы біріктіріп отыр.

Ардақты ағайын!

«Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін!

 Мемлекеттік тарихымыздың мерейлі мерекесі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні құтты болсын!        

Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық  тілеймін!

Тәуелсіз Қазақстан жасасын!

Еліміз, Елбасымыз аман болсын!