31.12.2018

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті отыз төртінші сессиясы өтті

    Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс отыз екінші сессиясына аудандық мәслихатқа сайланған 17 депутаттың 17 қатысты. Аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары, ауданның құрметті азаматтары, БАҚ өкілдері қатысты.

  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс отыз үшінші сессиясын №9 сайлау округінен сайланған депутат, сессия төрағасы Қ.Қансейтов ашып, жүргізіп отырды.  

Кезекті сессиясының қарауына мына төмендегі мәселелер ұсынылды:

    1. 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

    2. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 04 наурыздағы №50/247-V «Төлеби ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

   3.Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі №42/210-V «Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    4. Төлеби аудандық мәслихат аппаратының шығыс сметасын бекіту туралы.

    5. 2018 жылға арналған аудандық мәслихаттың жұмыс жоспары туралы.

    6. Аудандық мәслихаттың алдағы болатын сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Ғ.Төлепов хабарлама жасады (хабарлама қоса тіркеледі).

Хабарламашыға сұрақтар қойылмады.

   Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов хабарлама жасады (хабарлама қоса тіркеледі).

   Хабарламашыға сұрақтар қойылмады.

№ 34/190-VІ                                                          

   Төлеби аудандық  мәслихаттың  2016  жылғы 04  наурыздағы №50/247-V  «Төлеби  ауданының 2016 – 2020  жылдарға  арналған даму бағдарламасын   бекіту туралы» шешіміне өзгерістер  енгізу  туралы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6  бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      «Төлеби ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне  мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің «Төлеби ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Күн тәртібіндегі 3-мәселе бойынша ауданның әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының хатшысы Ж.Үсіп хабарлама жасады (хабарлама қоса тіркеледі).

№34/191-VІ

  Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 шілдедегі №42/210-V «Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын  бекіту  туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

     «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6  бабына  сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Төлеби ауданы  әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның   құрамынан  Ж.Жолдасбеков, Д.Ағабеков шығарылып, оның құрамына  ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Төлеби аудандық бөлімшесінің бастығы А.Шагирбаев. аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы  Н.Оспанов енгізілсін.                                                          

      Күн тәртібіндегі 4,5-мәселелер тұрақты комиссияда қаралып, талқыланғандықтан депутаттар дауысқа салып, шешім қабылдады.

№34/192-VІ 

      Төлеби  аудандық  мәслихат аппаратының шығыс сметасын бекіту туралы

   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

       Төлеби аудандық мәслихат аппаратының шығыс сметасы бекітілсін.

№ 34/193-VІ

     Төлеби аудандық мәслихатының 2019  жылға арналған жұмыс жоспары туралы

      Аудандық мәслихат ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

       Қоса тіркелген  Төлеби аудандық мәслихатының 2019 жылға арналған  жұмыс жоспары бекітілсін.

  Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 20  желтоқсандағы №34/193-VІ  шешіміне 1 қосымша                                                                                                                  

І- тоқсан.

         1. Қазақстан Республикасы Заңдарында белгіленгендей Ленгер қаласы     әкімінің өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысы туралы есебі.

         2.  Аудандық мәслихаттың «Бюджет, аумақты экономикалық–әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстарының есебі» туралы

ІІ- тоқсан.

        2018 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы. 

        2.« Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын

арттыру» атты  Жолдауында  көзделгендей  туризмді  дамыту жайлы ауданда  атқарылып  жатқан  жұмыстар мен алға қойып отырған мақсаттар туралы.
        3. Аудандық мәслихаттың «Мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстарының есебі»  туралы

ІІІ- тоқсан.

      Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму ахуалының барысы

туралы аудан әкімінің  есебі.

      Аудандық мәслихаттың «Экология және табиғат ресурстарын тиімді

пайдалану, әкімшілік – аумақтық құрылым, қоғамдық өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстарының есебі» туралы  

ІҮ- тоқсан.

        2020-2022  жылдарға  арналған  аудандық  бюджет  туралы.

        2.  Қала және ауылдық округтердің  2020-2022  жылдарға  арналған     бюджеттерін бекіту  жайлы..                                                                         

       Күн тәртібіндегі 6-мәселе бойынша алдағы болатын кезекті сессиясының төрағасы болып, №10 сайлау округінен сайланған депутат Майлыбаев Ерменбай Қасымұлы сайланды.

№  34/194-VІ 

        Аудандық мәслихаттың алдағы болатын сессиясының төрағасын сайлау туралы

        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Қазақстан Республикасы Заңының 18  бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

       Алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың алдағы болатын кезекті сессиясының төрағасы  болып, № 10 сайлау округінен сайланған депутат   Майлыбаев Ерменбай Қасымұлы  сайлансын.