10.01.2019

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы өтті.

    Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс отыз алтыншы сессиясына аудандық мәслихатқа сайланған 17 депутаттың 13 қатысып, 4 депутат (С.Құлманов, Е.Бектұрғанов, Н.Құлышев,  Д.Айтбаев) белгілі себептермен қатыса алмады. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы С.Дүйсебаев, аудан әкімінің орынбасарлары, қала, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс отыз алтыншы сессиясын №10 сайлау округінен сайланған депутат, сессия төрағасы Е.Майлыбаев ашып, жүргізіп отырды.  

    Кезектен тыс сессиясының қарауына мына төмендегі мәселе ұсынылды:

    1. Төлеби аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы.

   Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы Б.Кемелов хабарлама жасады   (хабарлама қоса тіркеледі).

Хабарламашыға сұрақтар қойылмады.

     №36/199-V

     Төлеби аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы

   «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 10 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

     Төлеби аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары осы шешімнің қосымшасына сәйкес сайлансын.