11.02.2019

Ауданның өркендеуіндегі мәслихат тұрақты комиссияларының орны

https://content.foto.my.mail.ru/mail/tolebi_maslihat/59/i-60.jpg  Алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың алғашқы ұйымдастыру сессиясында үш тұрақты комиссия  құрылып, құрамы бекітілді.

   Атап айтқанда, бюджет, аумақты экономикалық– әлеуметтік дамыту; мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері  және  экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, әкімшілік – аумақтық құрылым, қоғамдық өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялар.   

   Бұл шақырылымдағы ерекшелік, аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Хамзаұлының бастамасымен әр тұрақты комиссия өз қарауына жататын мәселелер мен міндеттерін  айқындап алды. 

   Жергілікті мәслихаттың өкілетті мерзіміндегі, ұйымдастыру қызметінің бірі бұл тұрақты комиссияларының үйлесімді жұмысы. Қай тұрақты комиссия болмасын ауылдың тыныс-тіршілігінен туындайтын мәселелерді қарағанда ауданымыздың экономикалық, әлеуметтік дамуына басымдық беріліп, қандай мәселені  болмасын егжей  тегжей зерделеп барып қарауды дағдыға  айналдырған. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеруде жергілікті атқарушы органдармен және оның бөлімдерімен, ауыл әкімдерімен, өзге де сала басшыларымен бірлесе отырып шешімін табуға ықпал етіп, іске асыруға жете мән берілуде. Осыған байланысты тұрақты комиссиялар ұйымдастыру қызметінде айқындап алған  үш негізгі бағыт бойынша  жұмыс істеп келеді: біріншісі, мәслихатта қаралатын мәселелерді алдын-ала дайындап електен өткізу; екіншісі, мәслихат шешімдерінің іс жүзінде жүзеге асуын бақылау; үшіншісі, атқарушы билік және тиісті сала мекемелерімен мекемелердің халыққа қызмет көрсетуде бірлесе жұмыс істеу.

        Тұрақты комиссиялар сессияда қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныстар енгiзіп, өздерiнiң құзырына сәйкес қорытындылар беріп келеді.      

        Негізгі мәселелер бойынша  сессиялардағы баяндамалар мен қосымша баяндамаларды жан-жақты талқылауды үрдіске айналдырған.

        Осы шақырылым мерзімінде тұрақты комиссиялардың 76 отырысы өтті. Онда өзекті-өзекті деген 142 мәселе талқыланып, тиісті қаулылар қабылданды.

       Мәслихат жұмысының негізгі дәрігейлерінің бірі – бюджет. Осы уақытқа дейін депутаттар дайын бюджетті талдап, шешім қабылдап келген болса,  енді депутаттардың оны әзірлеу барысында тікелей араласуына жағдай жасалды. Партиялық фракция мен мәслихаттың бюджет, әлеуметтік экономикалық -даму жөніндегі тұрақты комиссиясы бюджетке ұсынылған тапсырыстардың әрқайсысына кәсібилік, қаржылық, үнем, қажеттілік тұрғысынан қарауға көшті. Ағымдағы  жылдарға арналған немесе қандай бюджет болмасын аудандық бюджеттің жобасы бюджеттік мекемелердің, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың сұраныстары мен сайлаушылар тілектерін ескере отырып, сессияға дейін бірнеше рет талқыланды.

      Нәтижесінде көпшіліктің көкейінде жүрген бірқатар өзекті  шаруалардың шешілуіне қол жеткізілді.

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-2 бабына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, екі мыңнан асатын халқы бар аудандық бағыныстағы қалалық және ауылдық округтердің бюджеттерін  бекіту үрдісі қолданысқа енгізілді.

        Қала, ауылдық округі әкімдеріне салықтың кейбір түрлері бойынша (Абаттандыруға, көркейтуге және санитарлық тазалыққа) кірістерін жинау тапсырылып, одан жиналған қаржыларды өздерінің қажеттілігіне жұмсау міндеттелді.

Ауыл әкімдері сол қаржыларды қажеттіліктеріне тек жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімімен ғана жұмсай алатын арнайы Ереже заңдастырылды.  

           2018-2020 жылдарға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттері  2017 жылы 28 желтоқсанда (Табыс  салығы, жеке және заңды тұлғалардың мүлік салығы, жеке тұлғалардың жер салығы, ерікті жарналардан, жарнама орналастырудан, жалға беруден және әкімшілік айыппұлдар) аудандық мәслихаттың 22 сессиясында қаралып бекітілді.     

           Қала, ауылдық округтері бюджетінің кірісі мен шығындары жоспары 30 575,1 мың теңгеге артық орындалғанымен, кейбір қала, ауылдық округтер бойынша салық түрлерінің жоспарлары орындалмаған.

       2019 жылғы жалпы шығындар көлемі 2 041 267,0 мың теңге,оның ішінде еңбек жалақысы мен аударымдарға 20 734,0 мың теңге, білім саласына 663 069,0 мың теңге, коммуналдық қызмет саласына 104 358,0 мың теңге, спорт саласына 3 500,0 мың теңге, субвенция 1 035 978,0 мың теңге, санитарияға 78 841,0 мың теңге, абаттандыруға 134 787,0 мың теңге жоспарланды.

        Келтіріп отырған цифрлардан көріп отырғанымыздай атқарушы органдар келешекте ішкі кірісіміздің көлемін ұлғайтуға бағытталған саясат ұстануы қажет. Ол үшін ең алдымен өзіміздегі өндіріс орындарының нарықтық қатынастарының қағидаларына, талаптарына төтеп бере алатындай тиімді етіп, олардың бәсекелестікке қабілетті болуына қолдан келгенше жағдай туғызуға тиіс. Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері жұмыстарының кеңінен өркен жаюына қолдау көрсетіп, бюджеттің кіріс көздерін толықтыруға қосымша резьервтер іздестірілуі қажет деп ойлаймын.

 Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы   Б.Кемелов