07.03.2019

Қымбатты да аяулы аналар, жандары жаздай қыз -келіншектер!

 Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі - ар­дақты ана, асыл жар, аяулы әпке мен қарын­дас­тың ортақ     мейрамы – 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

   Әйел ана - өмірдің өзі, бақ пен берекенің көзі, нәзіктік пен көркемдіктің сәні, мейірімділік пен парасаттың мәні. Сондықтан да «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні» мерекесінің орны әрқашанда бөлек. 

  Қазақстандай демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті баянды етуде де рөлдеріңіз ерекше.  «Әке баласын тәрбиелейді, ал ана ұлтты тәрбиелейді» деген  сөз қазақта бекер айтылмаған.

  Сіздердің аттарыңызға айтылатын алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Депутаттар корпусы атынан тағы да Сіздерге және отбасылыраңызға амандық, зор денсаулық, бақыт пен сәттіліктер тілеймін!

   Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!

 

    Аудандық мәслихаттың хатшысы    Н.Қойбағаров