31.03.2016

Ақпараттық хабар

Үстіміздегі жылдың 31 наурызында алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттарының алғашқы басқосу кездесуі ұйымдастырылып, онда мәслихат жұмысының ұйымдастырушылық-атқарушылық қызметі талқыланды.          

Аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров мәслихат пен  оның құрылымдарының, депутаттарының міндеттері, өкілеттіліктері және алдағы уақытта атқаратын іс-шаралары туралы халық қалаулыларымен өз ойын бөлісті. 

Ол, әсіресе, депутаттардың өз сайлаушыларымен тығыз қарым-қатынас орната отырып, тиісті аумақта қордаланып қалған мәселелердің шешілуіне, ең бастысы халықтың сеніміне ие болып, олардың мәселелерін шешуге басты назар аударды. Депутаттардың ұсыныс пікірлерін мұқият тыңдап, жиында айтылған ұсыныстарды саралай келе алда атқарылар жұмыстардың ауқымын айқындап, нақтылады.

    Мәслихат аппаратының басшысы А.Абдрахманов «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мәслихат пен оның депутаттарына қатысты баптарына түсіндірме жасады, бұл мәселеде де пікір алмасулар болды.

           Соңынан мәслихаттың (бюджет, аумақты экономикалық-әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясы;  экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, әкімшілік-аумақтық құрылым және қоғамдық өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясы;    мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы) тұрақты комиссиялары өздерінің алғашқы ұйымдастыру мәжілістерін өткізіп, онда тұрақты комиссиялар төрағасының орынбасарлары мен комиссия хатшылары сайланды. Сонымен қатар, комиссия мүшелері өз ой-ұсыныстарын айтып, ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарларын айқындап алды.