15.03.2019

Сенбілік халықты игілікті іске шақыру

   Жылуын төге көктем де келіп жетті. Ауданымызды таза әрі жасыл желекті ауданға айналдыру мақсатында аудан аймағында, тазалық күні ұйымдастырылды. «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл, маслихаттың 25 жылдығына тұспа-тұс келіп отырған сенбілікке депутаттар мен маслихат аппараты бір кісідей жұмыла кірісіп, “Депутаттар аллеясына” сәндік ағаштар отырғызды.

    Аудан тұрғындары сенбілік кезінде ғана тазалықпен айналыспай, әр кез өз ауласын, өзінің айналасын көгалдандырып таза ұстаса, ауданымыз көрікті де жасыл желекті аумаққа айналары сөзсіз.