27.03.2019

Төлеби аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес  алтыншы шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихатының кезекті отыз сегізінші  сессиясы 2019 жылы 29 наурыз күні сағат 10.00 де аудан әкімінің аппараты ғимаратының екінші қабатындағы мәжіліс залында өтеді.

        Кезекті  сессияның қарауына мына төмендегі  мәселелер  ұсынылады:

        1.   Қазақстан Республикасы Заңдарында белгіленгендей Ленгер қаласы     әкімінің өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысы туралы есебі. 

        2. Аудандық мәслихаттың «Бюджет, аумақты экономикалық–әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстарының есебі» туралы.

       3.   Ауданның кейбір елді мекендерінің бас жоспарын бекіту туралы.

       4. Аудандық мәслихаттың алдағы болатын сессиясының төрағасын сайлау туралы.

       5.  Әртүрлі  мәселелер.

         «Нұр Отан» партиясының партиялық фракциясы мәжілісі мен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2019 жылы 28 наурыз күні  сағат 10.00 де өткізіледі.

       Сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелерге сәйкес, ұсыныс-пікірлер мен жолданымдар болса  аудандық мәслихат аппаратына мына сымтетіктер арқылы 6-10-72,   6-15-71 хабарласуға болады.   

 

   

    Аудандық мәслихат

    сессиясының төрағасы                                                           Е.Майлыбаев