28.03.2019

Тұрақты комиссияның біріккен мәжілісі өтті

Бүгін, яғни наурыз айының 28 жұлдызында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, қала, ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары, ауыл ақсақалдары қатысты.

Тұрақты комиссияда депутаттар кезекті 38 сессиясының күн тәртібіндегі енгізілген мәселелерді талқылап, пысықтады. Атап айтқанда:

Леңгір қаласы әкімінің өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысы туралы есебі мен аудандық мәслихаттың «Бюджет, аумақты экономикалық-әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстарының есебін сессияда бірақ тыңдайық деген шешімге келді.

«Төлеби ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит  беру туралы» мәселені құжаттардың дайын болмауына байланысты сессияның күн тәртібінен алынып тасталды.

Ауданның кейбір елді мекендерінің бас жоспарын бекіту  туралы; Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 шілдедегі №42/210-V «Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы; Төлеби аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 қыркүйектегі №29/171-VI «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және аудандағы халықты жұмыпен қамту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы мәселелер қаралып, талқыланып сессияның қарауына ұсынылды.