29.03.2019

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті отыз сегізінші сессиясы өтті

Бүгін алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті отыз сегізінші сессиясы өтті. Оны №10 сайлау округінен сайланған депутат сессия төрағасы Е.Майлыбаев ашып, жүргізіп отырды.

Кезекті сессияда депутаттар, Леңгір қаласы әкімінің өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысы туралы есебін, аудандық мәслихаттың «Бюджет, аумақты экономикалық-әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстарының есебін тыңдап, ауданның кейбір елді мекендерінің (16) бас жоспарын бекітті.  Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 шілдедегі №42/210-V «Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамына, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамына және аудандағы халықты жұмыпен қамту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына өзгертулер енгізді. Аудандық мәслихаттың алдағы болатын сессиясының төрағасы болып №12 сайлау округінен сайланған депутат С.Құлманов сайланды.