04.04.2019

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен мәжілісі өтті

Бүгін, яғни сәуір айының 4 жұлдызында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияда спорттың қол жетімділігін арттыру және талантты жас спортшыларды іріктеп оларды спорт түрлерінен облыстық, республикалық сондай-ақ халықаралық жарыстарға дайындау (баптау) мақсатында аудандағы жасөспірімдер спорт мектептерінің салалық жұмыстарына талдау жасау туралы аудандық мәслихаттың депутаты Х.Әшірбеков хабарлама жасады.

Одан кейінгі мәселе, аудандық «Жас туристер» стансасының атқарып жатқан жұмыстары жайлы болды. Бұл екі мәселеде жан-жақты талқыланып, ұсыныс пікірлер айтылды.