12.04.2019

Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті.

   Ағымдағы жылдың сәуір айының 12 жұлдызында Қоғамдық кеңестің алғашқы отырыс өтті. Оған Қоғамдық кеңеске сайланған мүшелердің  14 қатысып, 1 кеңес мүшесі белгілі себептермен қатыса алмады, одан бөлек отырысқа аудан әкімінің орынбасары Р.Бейсебаева, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев және жұмыс тобы отырысының ашықтығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Қоғамдық кеңесті қалыптастырған жұмыс тобының мүшелері қатысты.

    Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде, Қоғамдық кеңестің төрағасын сайлау, Қоғамдық кеңестің хатшысын сайлау, сонымен қатар Қоғамдық кеңестің салалық комиссиялары мен олардың құрамын сайлау туралы және Қоғамдық кеңестің төралқасын сайлау туралы мәселелер қаралды.

     Қоғамдық кеңестің төрағасы болып басым дауыспен Б.Оралбеков, хатшысы болып М.Паңбай сайланды.

     Қоғам өміріндегі тиісті әртүрлі салалар бойынша Қоғамдық кеңестің комиссиялары құрылып, олардың құрамы бекітілді. Атап айтқанда: бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі комиссиясы, оның төрағасы болып  О.Абдукаимов;

    - ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, құрылыс және тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы салаларының дамуы жөніндегі комиссиясы төрағасы - О.Асанов;

    - әлеуметтік саланың дамуы мен азаматтардың құқықтарын қорғау жөнінде комиссиясы, төрайымы болып  Л.Сандыбаева сайланды.

      Кеңес төралқасы 6 адамнан құрылды, оның құрамына: Б.Оралбеков – Қоғамдық кеңестің төрағасы, Н.Қойбағаров – жұмыс тобының басшысы, М.Паңбай – Қоғамдық кеңестің хатшысы және комиссия төрағалары  О.Абдукаимов, О.Асанов, Л.Сандыбаева енді.