09.04.2019

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

  Ағымдағы жылдың сәуір айының 9 жұлдызында Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жиынға жұмыс тобының мүшелері түгел қатысты, одан бөлек жұмыс тобы отырысының ашықтығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты.

  Жұмыс тобы отырысының күн тәртібінде, Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау туралы және Қоғамдық кеңес ережесінің жобасы туралы мәселелер қаралды.

  Жұмыс тобына Қоғамдық кеңес мүшелігіне үміткер ретінде жалпы 21 азаматтан өтініш түсті. Өтініштерді жеке-жеке талдай отырып, Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қоғамдық кеңестің құрамына мына төмендегі азаматтарды сайлады:

   Мемлекеттік органдардан: Ашрапов Мансурбек Жаналиевичке, Кәдірбеков Есімхан Жанысұлына, Кипшахов Қайрат Саматовичке, Паңбай Мұрат Мекембайұлына, Сандыбаева Лаззат Туребекқызына келісімін берді.

  Коммерциялық емес ұйымдар мен өзін-өзі ұсынған азаматтардан: Абдукаимов Ордабек Мейірбекұлына, Алибеков Пскенталыға, Асанов Ордабек Балтабайұлына, Әшірбеков Ханай Асанұлына, Жалғасбаева Рабиға Жалғасбайқызына, Қойшыбаев Нұрханға, Нышанбаев Рахматілләға, Оралбеков Бухарға, Оханов Қожанға, Султанкулов Абдижаппарға дауыс берді.

  Қоғамдық кеңестің ережесінің жобасы да егжей-тегжейлі пысықталып, бекітілуі үшін екі мәселе де алдағы болатын сессияға ұсынылсын деген шешім қабылданды.