04.06.2019

РӘМІЗДЕР – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

  Мемлекеттік рәміздер – Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгінгі және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

  1992 жылы 4 маусымында Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері туралы заң қабылданып, алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.

  Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. 

  Құрметті аудан тұрғындары, Сіздерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздер күнімен, депутаттар корпусы атынан шын жүректен құттықтаймын!

    Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы биіктен желбіреп, мәртебесі одан әрі арта берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

                    Аудандық мәслихаттың хатшысы                                                                 Н.Қойбағаров