05.12.2019

Құрметті Абай Бекназарұлы!

Шын жүректен Сізді және Сіздің ұжымыңызды мерейтойларыңызбен құттықтаймын!
95 жылда Өзіңіз басшылық ететін ақпарат орталығы – өмірдің сан саласындағы жаңалықтардың жаршысына айналды.
Ұлт мүддесі жолында еңбек еткен талай тұғырлы тұлғалар басшылық жасап, алыптар негізін салған «Ақ жол» газетінің үнін дәстүрлі абыроймен жалғастырған «Оңтүстік Қазақстан» қазіргі заман талабына сай жаңғырып, 95 жылдық тойын жаңа жетістіктермен, толайым табыстармен қарсы алып отырсыздар.
Басылымның әр саны, әр мақаласы халқымыздың тыныс-тіршілігін айқын көрсетіп, мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың маңызын қалың көпшілікке дер кезінде әрі сапалы жеткізуге атсалысып келеді. Ғасырға жуық шежіресі бар газетті ойы тұшымды, қаламы қарымды, жазғаны жалынды журналистердің ордасы деуге болады. Себебі Сіздер билік пен бұқара арасындағы алтын көпір болып, тынымсыз еңбектің арқасында оқырманның оң бағасын алып келесіздер. Бүгінгі ұжымның толайым табыстары сол бейнетті еңбек жолындағы жетістіктеріңіздің бағамы деп білемін.
Ғұмыры бір ғасырға жуықтаған газеттің торқалы тойы құтты болсын!
Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, таусылмас табыс, сарқылмас шабыт тілей отырып, жаңа белестерден көріне берулеріңізге тілектеспін.

Ізгі ниетпен,
Төлеби аудандық
мәслихатының хатшысы Н.Қойбағаров