06.12.2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘСЛИХАТЫНА 25 ЖЫЛ


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі, халықтың өкілді органы – мәслихаттарға биыл 25 жыл толып отыр. Қоғамды демократияландыру үдерістерінде - мәслихаттың маңызы зор екендігін өмір көрсетті.
2001 жылдың қаңтар айында Парламент «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы Заң қабалдады. Жалпыхалықтық қолдауға ие болып, алдағы саяси өзгерістерге бастау болған Елбасының бастамасы мен өткізілген 2007 жылғы конституциялық реформа мәслихаттарға, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсынысымен, Парламент Мәжілісіне және барлық деңгейлі мәслихаттарға депутаттар сайлау кезінде аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары құрамын жасақтауға байланысты қосымша өкілеттіліктер берілді.
Конституциялық реформаның іс жүзінде жүзеге асырылуы 2007 жылғы Парламент Мәжілісіне және мәслихаттарға депутаттар сайлаулары болды.
1994 жылы 7 наурыз күні Егеменді Қазақстанның алғашқы Парламенті мен жергілікті мәслихат депутаттары үшін демократиялық қағидаттарға негізделген сайлау өткізілді.
Осы 25 жылдыққа орай Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан конференцияға өкілді органдардың депутаттары мен мәслихат хатшылары қатысуда.