01.10.2020

Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Қадірлі қариялар мен әже-аналар!

Сіздерді «1 қазан – Дүниежүзілік қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан 30 жыл бұрын бастау алған бұл мереке – қазіргі таңда бүкіл әлемде дерлік тойланып келеді. Қарттары бар ел – бақытты  ел. Сондықтан ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!

Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне бүкіл саналы ғұмырларыңызды Отан деп, тынымсыз еңбектеріңізбен және тәлім-тәрбиелеріңізбенен мемлекетіміздің дамуына үлес қосып келесіздер.

Әдет-ғұрып, ырым-тыйым, жөн-жоралғыларымызды жадына тоқыған ата-әжелеріміз асыл қазына – кемел кітап сынды. Кеуделері шежіреге толы қарияларымыздың қадірін біліп, бағасына жете білсек ата – салттан ажырамағанымыз деп білемін.

Құрметті ардагерлер!

         Өскелең ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз үшін ризашылық білдіре отырып, егде тартқан жастарыңыз еңселеріңізді түсірмей, өмірлік күш-қуаттарыңыз ұзағынан болсын. Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, отбасыларыңыз бен замандастарыңыздың арасында атап өтетін мереке күндер көп болсын деп тілеймін!

Ізгі ниетпен,

аудандық мәслихат хатшысы

Н.Қойбағаров