26.10.2020

Р.Сайлауұлы ауыл тұрғындарымен бірге

Биыл Қаратөбе ауылдық округінде жарықтандыру, ауыл ішілік автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, «Төлеби аудандық жарық жол» мекемесімен ұзындығы 6,5 шақырым болатын Майбұлақ, Қаратөбе ауылдарының орталық көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізілсе, «Аудандық электр жүйесі» мекемесі Қаратөбе ауылы «Сейітбек ата» көшесіндегі 1,5 шақырым болатын 58 ескі бағаналарды ауыстыру жұмыстарын атқарды.

«Базис-К» ЖШС-гі Төңкеріс елді мекенінде 2,2 шақырым болатын «Қоңырбай ата» көшесінің асфальттау жұмыстарын аяқтап, Майбұлақ елді мекенінде 1,5 шақырым болатын «Нұр ата» көшесін асфальттау жұмыстарын аяқтау сатысында. «Алем Строй-1» ЖШС мердігерлігімен Қаратөбе, Майбұлақ ауылдарының көшелеріне жалпы ұзындығы 4,9 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолы аяқталды. Сондай-ақ, «Төлеби аудандық су шаруашылығы» мекемесі Төңкеріс елді мекенінен 3,5 шақырым болатын қашыртқы қазу жұмыстарын жүргізді.

Бұл атқарылған жұмыстарды сол округтен сайланған депутат Р.Сайлауұлы ауыл тұрғындарымен бірге аралап, жұмыстың сапасын қарап шықты.