15.01.2021

Бүгін Төлеби аудандық мәслихатының VII-шақырылымындағы алғашқы ұйымдастыру сессиясы өтті.

 

Сессияға аудан әкімі Бауыржан Бақытұлы өз орынбасарларымен, қала, ауылдық округ әкімдері, барлық мекемелердің басшылары, Қоғамдық бірлестіктің төрағалары және БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияны аудандық сайлау комиссиясының төрағасы О.Сүттібаев ашып, жүргізіп отырды.

Ол, 10 қаңтарда өткен сайлаудың қорытындысын жариялап, саяси партиялардың ұсынған аудандық мәслихат депутаттарымен таныстырды.

Бұдан кейін, сессияның төрағасы сайланып, аудандық мәслихаттың алғашқы ұйымдастыру сессиясының күн тәртібі бекітілді.

Дауыс беру нәтижесінде VII-шақырылымдағы аудандық мәслихаттың хатшысы болып Қойбағаров Нұрлан Хамзатұлы қайта сайланды.

Аудандық мәслихаттың құрылымы:

- бюджет, аумақты экономикалық - әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясы;

- мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы;

- экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, әкімшілік – аумақтық құрылым, қоғамдық өзін - өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы болып белгіленді. 

Мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамы мен олардың төрағалары (Б.Өмірәлі, Қ.Өмірбеков және Н.Құлышев) сайланды.

Төлеби аудандық мәслихатында «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы тіркеліп, оның жетекшісі болып депутат, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Қансейтов бекітіліп, алдағы болатын кезекті сессиясының төрағасы  болып сайланды.