21.12.2020

Бүгін алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті елу тоғызыншы сессиясы өтті.

 

Кезекті сессияда депутаттар, 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы мәселені қарап, ауданның жалпы бюджетінің кірісімен шығысы 24 041 603 мың теңге болып белгіленді. Соның ішінде өкілді және атқарушы органдарға 162 584 мың теңге; жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 427 442 мың теңге; тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 1 625 035 мың теңге; мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне 417 564 мың теңге қарастырылды.

Екінші мәселе «Төлеби ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және «Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық –құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық –кеңесші органның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу сондай-ақ аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізді. Одан кейін аудандық мәслихат аппаратының шығыс сметасы мен 2021 жылға арналған аудандық мәслихаттың жұмыс жоспары туралы мәселелерді бекітті. Сонымен қатар алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың атқарған жұмыстары жайлы мәслихат хатшысының есебі тыңдалып, аудандық мәслихаттың алдағы болатын сессиясының төрағасын сайлады.