09.02.2021

Бірінші Мамыр ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттардың таңдаушыларымен кездесуі өтті

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Бірінші Мамыр ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттардың таңдаушылармен (аудандық мәслихат депутаттармен) кездесуі өтті. Оны аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы О.Сүттібаев ашып, жүргізіп отырды. Бірінші Мамыр ауылдық округі әкімі лауазымына үш азаматтың (Қожанов Қоспай Нұрманұлы – Ленгір қаласы әкімінің орынбасары, Құрбаналиев Мадияр Мәдібекұлы – дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, Әшірбеков Ханай Асанұлы – Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы Төлеби аудандық филиалының директоры) кандидатурасы ұсынылған.

Жиында ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынылып отырған кандидаттардың сайлауалды бағдарламалары тыңдалып, олардың тиісті ауылдық округінде алдағы уақытта атқарар жұмыстары жайлы пікірлер алмасылды.