17.02.2021

Бүгін аудандық мәдениет үйінде аудандық мәслихат депутаттарымен семинар өткізілді.

Бүгін аудандық мәдениет үйінде аудандық мәслихат депутаттарымен семинар өткізілді. Семинарда бірқатар депутаттар саяси партиялардың сайлауалды бағдарламаларында көзделінген шаралар бойынша өздеріне жүктелген басымдықтар бойынша алда тұратын міндеттер мен атқарылар жұмыстар туралы бейне роликтер және слайдтармен көрсете отырып, хабарламалар жасады.

Мәслихат хатшысы Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы - қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар және жергілікті өзін-өзі басқару басымдықтары жайлы пікір қозғаса, депутат Ермаханбетова Мәдина Сейфуллақызы - мүгедектерді оңалту мен олардың әлеуметтік мәселелерін шешу туралы, депутат Қалтаева Феруза Асылханқызы - білім саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы басымдықтар бойынша білім сапасын арттыру, білім ошақтарының материалдық-техникалық базасын жақсарту жайлы ойын ортаға салды. Құлышев Нұргелді Өсербайұлы - жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, спортты насихаттау, спорт мектептерінің жұмысын жандандыру мен ұлттық спортты дамыту, жастардың болашаққа деген сенімін арттыру, жастарға өз кәсібін ашуға жағдай жасау, әсіресе ауылда жастарды тұрақтандырып қалдыру мақсатында ауылдағы жас мамандарды жеңілдетілген несие беру және жұмыс істеп жүрген жастарды қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселелерін шешуде келешекте атқаратын жұмыстары туралы баяндады.