18.02.2021

Бүгін аудандық мәслихаттың бюджет, аумақты экономикалық – әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі мәжілісі өтті

Бүгін аудандық мәслихаттың бюджет, аумақты экономикалық – әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі мәжілісі өтті.

Оны тұрақты комиссия төрағасы Н.Құлышев ашып, жүргізіп отырды. Мәжілістің күн тәртібінде Леңгер қаласының Алатау және Шаңырақ мөлтек аудандарында Инженерлік – коммуникация жұмыстарының барысы туралы. Бұл мәселе көшпелі тұрғыда өткізу жоспарланып, мәжіліске комиссия мүшелері, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Шарипов, Леңгір қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қожанов, және Алатау, Шаңырақ мөлтек аудандарының тұрғындары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Сахов Заманбек Сайлауұлы хабарлама жасады.

Тұрғындар тарапынан бірқатар сұрақтар мен ұсыныс, пікірлер айтылып, оған заңнамалық актілерге сәйкес тиісті жауаптар берілді.

Тікелей халықтың алдына барып, тұрақты комиссияның көшпелі мәжілісінде талқылау анағұрлым нәтижелі болып, тұрғындар тарапынан мәслихат депутаттарына алғыстарын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.