20.03.2021

Қайырымдылық акциясы

Наурыз мерекесі қарсаңында мәслихат аппараты Бірінші мамыр ауылдық округіне қарасты Зағамбар ауылында тұратын көп балалы жанұя Арыстанова Динараның үйінде болып материалдық көмек қолын созды. Д. Арыстанова 4 баласымен Зағамбар ауылында бір бөлмелі үй жалдап, бала күтіміне байланысты жұмыссыз отыр. Әңгімелесу барысында тұрғын үй алуға кезекте тұрғанын, пәтер мәселесі тезірек шешілсе деген өтінішін білдірді.