20.03.2021

20 НАУРЫЗ - ЗИЯТКЕРЛІК КҮНІ!

 

Бұл күні балалардың зияткерлік әлеуетін, ақыл-ойын дамыту мақсатында мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, жырлар мен эпостардан үзінділер айтылады. Жастардың дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі баланың санасын дамытуға бағытталған басқа да амал-тәсілдері дәріптеледі.

Қазақ халқында балалардың ой-санасын жетілдіру, зияткерлік қабілетін дамытуда ауыз әдебиетінің алар орны ерекше.

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында халық ауыз әдебиетін жаңғыртып, жас жеткіншектерге рухани азық сыйлайық.