20.03.2021

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

 

Баршаңызды осынау Әз – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Айбыны асқан, ізгілік шашқан тамыры терең өнегелі өркениетіміздің өлшемі. Ол – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Наурыз мейрамы ұлттық күнтізбеміз бойынша жылдың басы саналады. Қытымыр қыстан аман шығып, көктемнің жылуына жеткен бабамыз осы кезде өткенге салауат айтып, болашаққа үмітпен қарап, ыдысын аққа толтырып, бір-біріне ақ тілектерін ақтарған.

Бұл мереке Қазақ елінде де сан ұлт өкілдерін бірлік-берекеге бастайтын жалпыхалықтық мерекеге айналып үлгерді.

Әз халқымыз оны қашанда биік көңілмен, кемел пейілмен ерекше қарсы алады.

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Наурыз – мейрамы бәріміз үшін аса қымбат ұлық мереке.

Сіздерді Наурыз мерекесімен тағы да құттықтай отырып, әрбір үйге шаттық, шынайы көңілмен бақыт-береке, ашық аспан, игілік және Егеменді еліміздің жаңаруы мен өркендеуі жолында атқарып жатқан еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін!

Ізгі ниетпен,

аудандық мәслихат

хатшысы Н.Қойбағаров