30.03.2021

«Нұр Отан» партиясы Төлеби аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша қоғамдық қабылдау

Бүгін аудандық «Нұр Отан» партиясы Төлеби аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша қоғамдық қабылдау өткіздім. Қабылдауда Толеева Гүлбазира Арипханқызы – жер мәселесі бойынша, Кистаубаева Айнұр Керимовна және Кишкенбаева Алеся Сиязбаевна - үй кезегі, атаулы әлеуметтік көмек жөнінде сұрақтар қойылып, өтініштерін жеткізді. Сонымен қатар әлеуметтік желіде Тойлыбаев Бекайдар Адамбекович – жер мәселесін шешіп беру жөнінде сұрағын жолдаған болатын, қойылған сұрақтарға заңға сәйкес түсініктемелер беріліп, оңтайлы шешілу жолдарын қарастырылатынын жеткіздім.

Одан бөлек, 2021 жылы мәслихат аппаратына 12 арыз-шағым түсіп, 62 азамат жеке қабылдауымда болды. Атап айтқанда:

1. Жол мәселесі- 7

2. Ауыз су мәселесі -8

3. Құрылыс нысандарын салу мәселесі -4

4. Ағын су мәселесі – 5

5. Үйіргелік жер сұрау – 12

6. Көпірді ретке келтіру мәселесі -4

7. Жол кедергісін салу – 9

8. Қысқа дайындық (қазандықтарды жөндеу) мәселесі –5

9. Пошта жұмысы -1

Көтеріліп отырған бұл мәселелер депутаттардың, мәслихаттың назарынан тыс қалмайды.