12.04.2016

Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде халықпен кездесу өткізілді.

Аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Қойбағаров  12 сәуір күні   Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде  халықпен кездесу өткізді.

        Жиынға осы округтен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты  Д.Айтбаев,  мәслихат аппартының басшысы А. Абдрахманов, ауыл округі әкімі аппаратының қызметкерлері  сонымен қатар ауылдық ардагерлер ұйымының төрағалары, (ауыл ақсақалдары),  жергілікті қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, жергілікті полиция өкілдері, мектеп басшылары мен ФАП меңгерушілері және Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің халқы қатытсы.

         Халықпен басқосу мәжілісін ауыл әкімі А.Сиқымбаев ашып, жүргізіп отырды.

          Мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров жиналғандарға өзін таныстырып, жаңа шақырылымдағы мәслихат пен оның құрылымдарының, сайланған депутаттардың құзыры мен міндеттері, өкілеттіктері және алдағы уақыттарда атқарылатын іс-шаралардың жоспарлары туралы сөз қозғады. 

       Мәдени ауылының биі Дербисов Бекболат: Жаңадан сайланған мәслихат хатшысын қызметімен құттықтап, Сарқырама елді мекенінде өзекті мәселе ауыз су мәселесін көтерді. Елді мекенімізде ауыз су құбырлары жүргізілген, су есептегіш құрылғылары орнатылған. Ауыз су Ақ су өзенінен су тазартқыш құрылғысы арқылы алынады. Көктем мезгілінде өзенде су ағыны ұлғайып, тасқын артқан кезде ауыз су құбырлары құмға толып, су есептегіш құрылғыларын істен жиі шығаруда. Сондықтан артизан су құбырын қазып, жер асты суын пайдалануға қаржы бөлуге ықпал етуді сұранды.

            Екіншіден, ауыл тұрғындарына тас, топырақ алатын жерді заңды белгілеп беруді сөз етті.

             Сарқырама ауылының биі-Абетаев Бекмаханбет елді мекеннің жоғарғы жағындағы ескі қырманның орны мен ауылдың кіре берісіндегі бұрынғы жанар-жағар май құю бекеті орналасқан, бас аяғы екі гектардай болатын жер телімін жергілікті қауымдастық келісім кеңесінің  ұйғарымымен жаңадан отау құрған жастарға үй іргелік жер телімдеріне берілетін болып шешілген жер аумағы аукционға шығарылғанына наразылықтарын  білдірді.

           Ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Бекмұратова Баян: Елді мекенімізде ауыз су таза емес. Құм аралас су ішіп отырмыз, кейде жуынуға су таппай қалатын кездеріміз бар, бір жерлерге 2 сағат су берсе екінші жерде 1 сағат ғана су беріледі, Тұрғындардың  24 сағат бойы сумен қамтамасыз етілуіне жәрдем берсеңіздер деген өтінішін айтты.

Аудандық мәслихаттың депутаты Д.Айтбаев ауыл округінлегі өзекті мәселелерден хабардар екенін және әңгімеге арқау болып отырған мәселелерді (ауыз су, жол,  ағын су т.с.с) мүмкін болғанша шешуді қолға аламыз деді.

            Көтеріліп отырған шаруаларды тиісті мекеме басшылары мен билік органдарының лауазымды тұлғаларының назарына жеткізетіндіктерін, жалпы сайлаушылармен бірге тығыз қарым– қатынас орната отырып бірлесе атқаратындығын айтты.

            Жиналысты қорытындылаған мәслихаттың хатшысы алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтіп, жиналысқа қатысқан азаматтарға өз алғысын білдірді. Сонымен қатар кездесуде айтылған ұсыныстар бойынша іс-шаралар жасалынып, орындалуы тұрақты бақылауда болатынын айтты.