13.04.2016

Аққұм ауылдық округінде халықпен кездесу өтті.

                           Аққұм ауылдық округіндегі халықпен кездесу.

Төлеби  аудандық мәслихаттың  хатшысы Нұрлан  Қойбағаров   2016 жылдың 13 сәуірінде Аққұм ауылдық округінің Момынай ауылындағы жалпы орта мектепте халықпен кездесу өткізді. Жиынға аудандық мәслихат аппаратының басшысы А.Абдрахманов, осы округтен сайланған аудандық мәслихаттың депутаттары М.Жұмабаев,Е.Бектұрғанов, ауылдық ардагерлер ұйымының төрағалары,жергілікті полиция қызметкерлері, мектеп басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров жиналғандарға жаңадан сайланған депутаттар М.Жұмабаев, Е.Бектұрғанов және Н.Құлышевтарды таныстырып,жаңа шақырылымдағы мәслихат пен оның құрылымдарының, сайланған депутаттардың құзыры мен міндеттері, өкілеттіктері және алдағы уақыттарда қандай жұмыстармен айналысатындары туралы айтты.

 Келесі сөзді алған депутат М.Жұмабаев – Сайлаушыларға үлкен рахметін айтып, алдағы уақытта халықтың талап-тілектерін бірлесе отырып шешетіндіктерін, барлық күш-жігерін ауылдың мәселелерін шешуге жұмсайтындығын жеткізді.

     Депутат Е.Бектұрғанов көпшілікке өзін таныстырып,  сайлаушыларға өзіне сенім білдіріп,  депутат етіп сайлағандарына рахметін айтты.  

Момынай ауылының тұрғыны, ауыл ақсақалы Сарыбеков Сәуірбай: Жаңадан сайланған мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров пен осы ауыл округінен сайланған депутаттарды құттықтап, Момынай ауылындағы өзекті мәселелердің бірі ағын су мәселесін көтерді.

   Жаңаұйым ауылының тұрғыны, зейнеткер Зиябек Жеткеров Жаңаұйым ауылына қарасты Бекбауов көшесінің жолын асфальттеу, көпірлерді жөндеу туралы мәселе көтерді.

    Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Раймбеков Есімхан  Момынай  ауылындағы  каналдарды күрделі жөндеуден өткізуді және Аққұм ауыл округіне қарасты 3 ФАП-ты жаңадан салу қажеттігін сөз етті.

   Аққұм ауылының тұрғыны,зейнеткер Махадилов Мақұлбек Аққұм ауылына қарасты каналдың  50 метрдей жерінің опырылып кеткендігін айтып, техникамен көмектесуін сұранды.

Момынай ауылының тұрғыны Бекжанов Шернияз   "Бұлақты" көшесінде жол жоқ, жарық әлсіз, электр бағаналары жарамсыз, су жүргіземіз деп тұрғындардың өз күшімен жөндеген жолдарын қазып тастап әлі жөндемегендерін, әсіресе ауылда жайылымның тапшылығын, Тоғыс өзенінің жағасындағы жалпыға ортақ жайлымды пайдалануға  Аюбаевтар дегендердің жанұясы халыққа үстемдік етіп,  мал жайғызбай отырғандығына тоқтау салсаңыздар деген көпшіліктің наразылығын жеткізді.

Аққұм ауылының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сейітхан Алиханов  Аққұм мен Көксәйек елді мекендерінің арасындағы жол жөндеуден өткізілсе, көршілес отырған  ауыл халықтарының бір-бірімен қарым-қатынасы, барыс-келісі  жеңілдене түсетін еді деді.

  Жаңаұйым орта мектебінің директоры Г.Құрбанова    Жаңаұйым ауылындағы мектептің типтік емес, ескі екендігін, кабинеттерінің қазіргі талаптарға сәйкес келмейтіндігін айтып, ауылға жаңа мектептің қажет екендігін соған байланысты мектеп ғимаратының сметалық-жобалық құжаттамаларын дайындауға қаржы бөлуге ықпал етулерін өтінді.

   Аудандық мәслихаттың хатшысы  жиналысты қорытындылап,жиналысқа қатысқан ауыл тұрғындарына алғысын білдірді.