12.05.2016

Қаладағы мекемелермен кездесу.

Үстіміздегі жылы 12 мамыр күні аудандық мәслихаттың хатшысы        Н. Қойбағаров, Леңгер қаласы №15 сайлау округінен сайланған депутат Н. Құлышев пен №7 сайлау округінен сайланған депутат М. Жұмабаев қаладағы бірқатар мекемелер мен мектептен тыс білім ұйымдарын аралап, олардың жұмыстарымен танысты.

Алдымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдамалар бөлімінің «Төлеби ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, мекеме қызметкерлерінің халықты жұмыспен қамтуда туындап отырған проблемалар мен оларды шешудің жолдары жайлы пікірлерін тыңдады.  Мекеме директоры Т. Пиялиев 2015 және 2016 жылдың төрт айында атқарған жұмыстарына қысқаша түсіндірме жасап, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында үш бағыт: яғни, инфрақұрылымдық жұмыстар мен аумақта кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу бойынша көзеделінген шаралар орындалып, бөлінген қаржылар мақсатты игеріліп жатқандығын айтты.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстар орталығы» мекемесінің директоры Қ. Қыпшақов аудан жастарымен жүргізіп отырған жұмыстарымен хабардар етті.

Мектептен тыс мекеме «Жас туристер станциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының атқарып жатқан жұмыстары ерекше әсер қалдырды. Балаларға қосымша білім беру мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, олардың тұлғалық қабылеттерін ашу, оны әрі қарай дамыту, дені сау, ұлттық сана сезімі жоғары, имани қасиеттері қалыптасқан мектеп оқушыларын тәрбиелеуде туристік-спорттық, өлкетану және экология бағыттары бойынша жүргізіп отырған жұмыстары туралы ұйымның басшысы Қуандықов Еркін әңгімесін аз уақыттың ішінде қол жеткізген жетістіктерін айғақтайтын облыстық, республикалық марапаттау дипломдары мен грамоталарын көрсете отырып баяндады.

Мәслихат хатшысы кездесуге келген мекеме басшыларына жұмыстарына табыс тілеп, депутаттар корпусының жастарды тәрбиелеуде өткізілетін іс-шаралардан тыс қалмайтынын айтты.